Halyq Uni логотип
×

Мәдениет министрлігі Голливуд фильмдерін Қазақстанда прокаттау мәселесіне қатысты жауап берді

Қазір шетелдік компаниялармен қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр

 Халық үні 11.03.2022 | 11:33
Мәдениет министрлігі Голливуд фильмдерін Қазақстанда прокаттау мәселесіне қатысты жауап берді
фото: ашық дереккөзден

Елімізде голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі жақында шешіледі.

Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстандағы киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты. 

Қазір шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүріп жатыр. Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. пен Paramount Pictures бұрын бекітілген кестеге сәйкес, еліміздің көрермендеріне өз картиналарын ұсынуды жалғастырады. Отандық кинопрокатшылар Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен Walt Disney Company әрі Sony компанияларымен тікелей келіссөздер жүргізіп жатыр, – дейді ведомство.

Министрлік мәліметінше, тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ. 

Бұған дейін қазақстандық кинотеатрлар «Ресейге салынған санкцияларға байланысты Голливуд фильмдерін енді көрсете алмаймыз» деп дабыл қаққан болатын. Сәуірден бастап Kinopark кинотеатрлар желісінің жабылатыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама