Мұздағы қауіпсіздік ережелері қандай?
Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:
- балаларға ересектердің қарауынсыз мұзда ойнауға рұқсат бермеңіз;
- ешбір жағдайда қараңғыда және нашар көрінуде (тұман, қар, жаңбыр) мұзға шығуға болмайды;
- аяқтың соққысымен мұздың беріктігін тексермеңіз. Егер таяқпен немесе басқа затпен бірінші соққыдан кейін су пайда болса, мұндай мұзға шыға алмайсыз;
- жұқа мұздың белгілері: мұз ашық бұлыңғыр немесе сұр түсті, әдетте қуысты және кеуекті болады. Жұқа мұз еш дыбыс шықпастан бірден жарылып кетеді;
- мұз жарылған кезде немесе ондағы жарықтар енді пайда болғанда аяқты мұздан көтермей, оларды иық еніне қойып, сырғымалы қадамдармен жағаға қарай келген ізбен дереу артқа шегіну керек. Қыста мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажет. Сондай-ақ ешқашан мас халде мұзға шығуға болмайды, – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Семейде мұз жарылып, көлікпен серуендеген 2 жас жігіт өзенге батып кеткен. Сондай-ақ Атырауда 8 жасар оқушы өзенге батқан екі жасөспірімді құтқарған болатын.