×

Ақтау соты маңғыстаулық депутатқа үкім шығарды

Ол директордың 766 мың теңгесін иемденіп алған

 Динара Амантай 21.12.2022 | 17:07
Фото: qyzylqoga.kz

Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 25 қарашада Ақтау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов алаяқтық фактісімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойына тыйым сала отырып, алаяқтық жолмен иеленген қаржының 10 еселенген көлемінде айыппұл төлеуге сотталды.

Сотта анықталғандай, депутат 2021 жылдың мамыр айынан бастап, 2022 жылдың шілдесіне дейін жалпы қамқорлық көрсетуді және футбол клубын ұстауға облыстық бюджеттен қаражат бөлуге жәрдемдесуді желеу етіп, алаяқтық жолмен «Каспий» футбол клубы» ШЖҚ МКК директорының 766 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама