Тәліптер Ауғанстанда әйелдердің оқуға түсуіне тыйым салды
Биліктің жаңа шешімі бүгін дереу күшіне енуге тиіс
Ауғанстанда былтыр билікке келген «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) әйелдердің университеттерде оқуына тыйым салды.
Бұл туралы сол елдің Білім министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, биліктің жаңа шешімі бүгін дереу күшіне енуге тиіс.
Тәліптердің тыйымынан кейін БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Роза Отынбаева мәлімдеме жасап, ауған әйелдері үшін жоғары оқу орындарының жабылуы «Талибанның» халықаралық қауымдастықпен қатынасын қиындататынын ескертті.