×

Елімізде еңбекке ерте араласатын оқушылардың қатары артқан

Бірақ биыл мектеп жасындағы балаларға қатысты 4 құқықбұзушылық анықталды

 Еркеғали Болатұлы 20.12.2022 | 15:36
фото: Оmskzan.ru

Қазір мектеп оқушылары қосымша жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр. Кейбірі табысқа кенеліп, отбасына қолғабыс жасауға жарап қалған.

Бұл ретте мектеп жасындағы балалар тек арнайы шартпен табыс таба алады. 16 жасқа толғандары екіжақты келісім жасасса жеткілікті. Ал 14 жастағылардың ата-аналары да келісім беруге тиіс. Бастысы, оқу процесін бұзбайтын, сабақтан бос кезінде денсаулығына зиян келтірмейтін жұмысты істеуге құқылы. Мәселен, дүкендерде ата-анасына көмектесуіне, маусымдық (оның ішінде курьерлік, репетиторлық) жұмыстар істеуіне болады. Осындай талаптардың сақталмауынан жыл басынан бері 8 мыңнан аса адамның құқығы тапталған.

2022 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша, еңбек инспекторларымен 4 920 тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 8070 бұзушылық, оның ішінде мектеп жасындағы балаларға қатысты Атырау (2 факті), Шымкент, Қарағанды облыстарында 4 факті анықталды.

Соған қатысты жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 86-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкерлшілікке тартылды», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Самал Жұмағазиева тілшілерге берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама