×

Жаңа жыл қарсаңында қосымша істеуге болатын қандай жұмыстар бар

Мұғалімдерге сұраныс жоғары

 Бауыржан Мұқанов 20.12.2022 | 14:45
Сурет: begeton.com

Жаңа жылдық дастарханды дайындауға қазақстандықтар сыйлықтар мен демалысты есептемегенде, орта есеппен 20-дан 100 мың теңгеге дейін жұмсайды, деп хабарлайды Halyq Uni HeadHunter платформасына сілтеме жасай отырып.

Компания мәліметінше, сыйлықтар, демалыс шығындарындарын қоса есептегенде бір отбасының жаңа жылдық шығыны орташа жалақыдан асып кетуі мүмкін. Сондықтан қазақстандықтар арасында жаңа жыл алдында қосымша жұмысқа сұраныс артатыны байқалып отыр. 

Бүгінгі таңда, hh.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанда негізгі жұмыспен қосымша алып жүруге болатын 3,5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Бұл кешкі немесе демалыс күндері уақытша жұмыс болуы мүмкін немесе бұл бір реттік тапсырма болуы да мүмкін. Барлық бос жұмыс орындарының басым бөлігі Алматыда (49%). Одан кейін қосымша жұмыстардың 25%-ы Астанада.

Айта кетерлігі, бос жұмыс орындарының 6 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Қосымша жұмыс ең көп ұсынатын мекемелер жеке оқу орындары, бөлшек сауда және IT-компаниялары екен. Ең бастысы, бұл жұмыс берушілер жоғары біліктілікті талап етпейді. Осы бос жұмыс орындарының жартысынан көбі не жұмыс тәжірибесін талап етпейді немесе минимум талап етеді. 

Жаңа жылға дейін қосымша табыс табудың ең үлкен мүмкіндігі мұғалімдер мен оқытушыларда. Бұл мамандарға арналған қосымша істеуге 365 вакансия ұсынылып отыр.

Екінші орында байланыс орталығының операторлары (281 ұсыныс), одан кейін сату жөніндегі менеджерлер (275 ұсыныс) және сату жөніндегі кеңесшілер (180 ұсыныс).

Сауда менеджерлері, жеке жүргізушілер, бағдарламашылар, әзірлеушілер мен риэлторлар толық емес жұмыс күні үшін 800 мың теңгеден жалақы төлеуге дайын. Жаңа жыл алдындағы ең жоғары ақы төленетін толық емес жұмыс уақыты 2 жыл және одан жоғары әзірлеу тәжірибесі бар iOS жүйесіне арналған мобильді қосымшаларды әзірлеушіге ұсынылады – 1 125 000 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама