Halyq Uni логотип
×

Rixos қонақ үйі 76 млн теңге айыппұл арқалады

Жоспардан тыс тексеру былықтың бетін ашты

 Халық үні 10.03.2022 | 19:59
Rixos қонақ үйі 76 млн теңге айыппұл арқалады
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының экология департаменті Rixos қонақ үйіне 76 млн 245 мың 549 теңге айыппұл салды.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Aktau tourism city ltd жеке компаниясының филиалына қатысты Каспий теңізі мен Қаракөл көліне сарқынды сулардың ағызылуына жол бергені жөнінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысымен бөлісті. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды, – дейді Маңғыстау облыстық экология департаменті.

  • Мәселен, ҚР ӘҚБтК 324-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни әсер ету санаты қайта ресімделмеген және суды тұтыну мен су тарту жүйесін есепке алу журналдары, су көлемін өлшейтін құралдар жоқ болып шықты.
  • ҚР ӘҚБтК 325-бабына сәйкес, яғни өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы әзірленбеген және сәйкесінше өндірістік экологиялық бақылау жүргізілмеген.
  • ҚР ӘҚБтК 326-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуы туралы хабарламалар ұсынылмаған.
  • ҚР ӘҚБтК 331-бабының 1-бөлігі бойынша, сарқынды суларды тазарту дәрежесіне қарамастан, курорттық аймақтардағы жер үсті су объектілеріне, шомылуға арналған орындарға ағызғаны расталды.
  • ҚР ӘҚБтК 332-бабының 2-бөлігіне сәйкес, яғни кәріздік-тазарту қондырғысының (КТҚ) техникалық ақауларына байланысты 2021 жылдан бері жұмыс істемейді. Тиісінше, кәсіпорын сарқынды суларға биологиялық тазарту жүргізбейді және Қаракөл көліне ағызылады. Бұл жобалық шешімдерде көрсетілген пайдалану ережелерін бұзу болып саналады.
  • ҚР ӘҚБтК 328-бабының 1-бөлігімен, Қаракөл көліне құйылған кезде қоршаған ортаға эмиссиялардың нормадан тыс мөлшерін жүзеге асырғаны үшін. Осылайша, ҚР ӘҚБтК алты бабы бойынша салынған айыппұлдың жалпы сомасы 76 миллион 245 мың 549 теңгені құрайды.

Айта кету керек, ағынды сулардың теңізге төгілгені теңіз суын тазарту қондырғысынан және дихлорлаудан кейін бассейн суынан пайда болатын су саналады. Сондай-ақ кәріздік-тазарту қондырғысының (КТҚ) жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты, қонақ үй кешенінен пайда болған барлық ағынды су кейін қалалық кәріздік-тазарту қондырғысына шығарылып, арнайы септикке ағызылады.

«Aktau tourism city ltd» ЖШС-ке қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындауға Ecojer қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің хаты негіз болған және ол Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының келісімімен жүргізілді. Тексеріс барысында мамандар ретінде «Жайық Каспий бассейні инспекциясы» РМК, Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері тартылды. Қазір олар өз құзыреті шегінде тиісті шаралар алмақшы. Сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша, заң бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіліп, тиісті нұсқамалар берілді. Бұл талаптардың орындалу барысы Маңғыстау облысы экология департаментінің тікелей бақылауында болады», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама