Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 182 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Инфекция салдарынан қайтыс болғандар жоқ.
20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 162 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус инфекциясы анықталғандардың арасында 17 адамның жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.
Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.