×

Ақтау қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге ақша жұмсамайтын болды

Былтыр сатып алынған түрлі-түсті шамдар мен шағын архитектуралық пішіндер қолданысқа жарамды

 Еркеғали Болатұлы 19.12.2022 | 17:32
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы бүгін «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Бұл – бюджет қаражатын үнемдеу үшін жасалған амал. Шаһар халқы түсіністікпен қабылдайды деп сенеміз, - дейді жауаптылар.

Олардың айтуларынша, былтыр сатып алынған түрлі-түсті шамдар мен шағын архитектуралық пішіндер қолданысқа жарамды. Олар әдеттегідей қоғамдық орындар мен қала жағажайына орнатылады. Сондай-ақ тұрғындарға үйреншікті жерлерге 2 шырша қойылады.

«Былтыр пайдаланылған жаңажылдық шыршалар, соның біреуі – 11-шағын аудандағы «Ынтымақ» алаңына және 15-шағын аудандағы амфитеатрға, теңіз жағалауына орнатылады. Барлық жұмыстар коммуналдық мекемелермен іске асырылады», - деді «Ақтау қалалық ТҮКШ» ММ бас маманы Бақтияр Мақсатов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама