Өзбекстанда егіз сәбилердің дүниеге келуі көбейді

Дастан Жұмабекұлы

10 айда туған егіздердің ең көп саны Самарқанд облысында тіркелді

фото: ашық дереккөз

Биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан Республикасында 18 230 егіз нәресте тіркелген.

Осы елдің Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 408-ге көп.

Облыстар бойынша 10 айда туған егіздердің ең көп саны Самарқанд облысында тіркелді – 2 122 сәби.

Одан кейін сәйкесінше Қашқадария облысы (1 888) мен Ферғана облысында (1 717) көп егіз сәбилер дүниеге келген.