Компания жағдайға қатысты түсініктеме бермеді
NYT, Washington Post, CNN және Voice of America журналистерінің Twitter-дегі аккаунттары бұғатталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі trtnarusskom Telegram арнасына сілтеме жасап.
Компания журналистердің аккаунттарын бұғаттау себептері, олардың профильдері мен жазбалары неліктен жоғалып кеткені туралы түсініктеме бермеді. Twitter-дің жаңа иесі, бизнесмен Илон Маск әлеуметтік желідегі парақшасында журналистерді жеке мәліметтерді заңсыз таратты деп айыптады.
Журналистер де басқалар сияқты ережелерге бағынуға тиіс. Сіздер мені күні бойы сынай аласыздар, бірақ нақты уақытта менің орналасқан жерімді көрсетіп, отбасымды қауіп-қатерге сала алмайсыз, - деп жазды әйгілі кәсіпкер өзінің Twitter аккаунтында.
Ал Washington Post газетінің бас редакторы Салли Бэзби Илон Масктан технологиялық шолушы Дрю Харвеллдің Twitter аккаунтын дереу қалпына келтіруді талап етті.