Мұғалімдер балалар санының өсуіне байланысты наразылыққа шықты
Олар биліктегілер ақшаны үнемдегісі келеді деп есептейді
Германияда мұғалімдер сыныптардағы балалардың санын азайтуды талап етіп митингке шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі trtnarusskom арнасына сілтеме жасап.
Германияның астанасында мұғалімдер шенеуніктердің мектептегі білімге деген көзқарасына наразы. Олар сыныптардағы оқушылар санын азайтуды талап етіп шеруге шықты. Айтуларынша, қазір билік сыныптардағы балалар санын 25 оқушыдан асыруға рұқсат еткен. Ал, бұл білім сапасына тікелей әсер етеді дейді мұғалімдер. Оның үстіне мектептерде оқытушылардың саны жетіспейді. Шерушілерге әлеуметтік қызметкерлер мен мектеп психологтары қосылған.
Біз Берлин билігінің сыныптағы оқушылар санын күннен-күнге арттырып жатқанына енді шыдағымыз келмейді. Олар үнемі ақшаны үнемдегісі келген кезде осылай жасайды. Шенеуніктер сапалы білім тек көлемі кіші сыныптарда ғана мүмкін болатынын ойламайды да, – деді наразылыққа қатысушы.
Педагогтер бұл мәселені саясаткерлермен, қаржыға жауапты адамдармен талқылау үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғандарын айтады.