Қызылордада ер адам көпірден секіріп, мерт болды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Қызылордада ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен. Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат сол жерде қайтыс болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.