Сондай-ақ 18 дана діни әдебиеттер табылды
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 желтоқсанда шамамен сағат 20:00-де Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі және деструктивті діни ағымды ұстанушы Алға ауданы тұрғынының мекенжайы бойынша тінту шаралары жүргізілген.
Нәтижесінде оның үйінен «Макаров» тапаншасы, 12 калибрлі «Mossberg» маркалы аңшы мылтығы, 9 калибрлі 38 дана тапанша оқтары, 12 калибрлі 19 дана оқ-дәрілер, аңшы пышағы, оқ салғыш белдігі және 18 дана діни әдебиеттер тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты Алға ауданы ПБ ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жинақталған дәлелдемелер негізінде Алға ауданы тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленіп ҚР ҚПК 128 бабы тәртібінде Алға ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.