Қызылорда облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты
Бір адам ауруханаға жеткізілді
Қызылорда облысының Сырдария ауданы маңында көлік түйеге соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
16 желтоқсанда Қызылорда-Жалағаш тас жолында Сырдария ауданы аумағында «Мазда-626» автокөлігінің түйе малын қағып кету дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды, – делінген полиция қызметкерлерінің хабарламасында.
Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.