×

Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көліктер жолда тұрып қалған

 Динара Амантай 17.12.2022 | 09:21
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 16 желтоқсанда сағат 07.40-та облыстық ТЖД-не Алакөл ауданында, «Үшарал –Достық» автожолының «Ырғайты» учаскесінде ауа-райына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында бірнеше автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сағат 15.30-да Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен (12 қызметкер және 3 бірлік техника) 14 автокөліктің салондарынан 24 адам құтқарылды (Үшарал қаласы мен Достық станциясына жеткізілді).

Сонымен қатар, сол күні таңертең ТЖД құтқарушылары «Үшарал-Достық» автожолына 15 желтоқсан күні кешке қар тұтқында тұрып қалған үш көліктен 6 адамды құтқарды.

Құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарылған адамдар құтқарушыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Жетісу облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде ауа райы жағдайымен танысуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама