Halyq Uni логотип
×

Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады

Жоқ пәтерді сату бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы тексеріс жүргізеді

 Халық үні 16.12.2022 | 11:43
Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады
фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алардан бұрын құрылыс компаниясының құжаттарын мұқият тексеруді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Желіде Graff премиум класты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы хабарландыру тарап жатыр. Құрылыс салушы «Қарағайлы құрылыс» ЖШС қолма-қол есеп айырысудан бастап ипотекалық несиелеуге дейінгі сатып алудың түрлі нұсқасын ұсынған», - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Алайда тұрғын үй кешенінің жобалау алдындағы құжаты жоқ.

Авторлық және техникалық қадағалау жоқ, жер телімі үй салуға емес, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған, - дейді әкімдік.

Қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастайды.

Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске салды.

Ақпаратты Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісі арқылы білуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға болмайтын тұрғын үйлердің тізімін жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама