Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 266 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қайтыс болғандар тіркелмеді.
Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 желтоқсандағы мәлімет бойынша 2 102 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 328 пациент стационарда, 1 774 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус инфекциясы анықталғандардың арасында 12 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауырдеп бағаланған. 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.