Halyq Uni логотип
×

Өзбекстанда әйел басшылар басқаратын салалардағы табыс көзі 7 трлн сумға өсті

Елде әйелдер басқаруында 36 472 шағын кәсіпорын бар

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2022 | 17:44
Өзбекстанда әйел басшылар басқаратын салалардағы табыс көзі 7 трлн сумға өсті
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда әйел басшылардың басқаруында 36 472 шағын кәсіпорын бар.

Осы елдің Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әйел басшылар басқаратын шағын кәсiпорындар мен микрофирмалар өнiмдерiн сатудан түскен таза табыс 22,6 трлн сум болған.

Басшы әйелдер басқаратын шағын кәсіпорындар мен микрофирмалардың таза табысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 трлн сумға жуық өскен.

Қазір республикадағы сауда саласында 14 мың 147, қызмет көрсету саласында 10 мың 57, өнеркәсіпте 5 мың 543 кәсіпкер әйел басшылар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама