×

Жамбылдық азамат психикалық орталықтан уақытша ұстау изоляторына түсті

21 жастағы ер адам мекемеде мәжбүрлі түрде емделіп жатқан

 Динара Амантай 15.12.2022 | 16:44
Фото: novyefoto.ru

Жамбыл облысында психикалық орталықта жарылғыш заттың орналасуы туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілішісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 желтоқсанда «102» тетігіне Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ғимаратында жарылғыш құрылғы бар деген хабарлама келіп түскен. Аталған мекенжайға жедел барған құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер осы мекемеде мәжбүрлі түрде емделіп жатқан облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Айтуынша, ол бұл әрекетімен орталықтан қашуды жоспарлаған.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабымен («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама