×

Ақтөбеде теміржол қызметкерлері пара алу күдігімен ұсталды

Күдіктілер қамауға алынды

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2022 | 16:36
фото: ашық дереккөз

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтөбе облысындағы филиалының қызметкерлері пара алу күдігімен ұсталды.

Бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкерлері филиалда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру барысында сыбайлас жемқорлық күдігі бар бірнеше фактіге кезіккен. Нәтижесінде филиал басшыларының бірінің және бірқатар бөлімше қызметкерлерінің үстінен бірнеше рет пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті қызметкерлер қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама