Павлодарда заңгер сот шешімін қолдан жасаған

Динара Амантай

Алаяқты қала тұрғыны веб-сайт арқылы өзі іздеп тапқан

Фото: Halyq Uni

Павлодарда заңгер құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанында қала тұрғыны интернеттегі хабарландырулардың веб-сайты арқылы адвокат тауып, заңгерлік қызмет алу үшін оған жүгінген. Қызметі үшін ақшалай сыйақы алған ер адам оған биыл құжат жинап жатырмын деп жауап берген.

Желтоқсан айының басында тапсырыс берушілер шарттық міндеттемелердің орындалуын асықтыруына байланысты заңгер интернет-ресурстан соттың шешімін жүктеп алған. Содан кейін редакциялау бағдарламасының көмегімен ол құжатқа өзіне қажетті деректерді енгізе отырып, сот шешімін өзгерткен. Ал тапсырыс берушіге WhatsApp арқылы сот шешімін цифрлық форматта жіберген.

Заңгердің қызметіне жүгінген әйел алаяққа тап болғанын тек сот шешімінің түпнұсқасын алу үшін сотқа жүгінген кезде ғана білген. Сотта оған мұндай шешімнің қабылданбағанын айтқан. Көп ойланбастан әйел полицияға жүгінген.

Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі («Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.