×

Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе талқыланатыны белгілі болды

Жиында парламент жұмысының регламенті қабылданады

 Халық үні 15.12.2022 | 11:37
Фото: Қазақстан парламенті сенатының баспасөз қызметі

19 желтоқсанда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Жиында парламент жұмысының регламенті талқыланады. Бұл туралы сенат депутаты Дана Нұржігіт айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

Бұл отырыста парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау қарастырылады. Парламент қызметіне байланысты бірнеше заңға өзгерістер енгізілгені белгілі. Осыған сәйкес парламент жұмысының регламенті өзгеруі керек. 19 желтоқсанда парламент жұмысының регламенті талқыланып, қабылданады, - деді Дана Нұржігіт.

Сенатор күн тәртібінде басқа мәселе қаралмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылдың 19 желтоқсаны сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын, деп жазылған өкім мәтінінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама