×

Водный кентінде су мәселесі 25 жыл бойы шешілмеген

Облыс әкімдігі су құбырын жүргізу жұмыстарын келесі жылы бастауға уәде берді

 Динара Амантай 15.12.2022 | 11:40
Фото: mail.kz

Абай облысы Водный кентінің тұрғындары көптеген жылдар бойы таза суға қол жеткізе алмай келеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кент тұрғындары облыс әкімімен кездесу барысында өз проблемаларын айтып, су ішудің мүмкін еместігіне шағымданды.

Бүгінгі күнге дейін Водный кентінде сумен жабдықтау проблемалары бар. Сондай-ақ қоқысты шығару туралы мәселе бар. Қоқыс мәселесін іс жүзінде ешкім бақыламайды. Әсіресе жазда адамдар көлікпен келіп төгеді. Жел көтерілгенде тыныс ала алмайсыз, шаң көтеріледі, - деп шағымданды кент тұрғындары.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кенттегі су мәселесі бұрыннан бар. Өкінішке қарай, Семей облыс орталығы мәртебесінен айырылған 25 жыл ішінде ол шешілмей келеді. Кентте бар колонкалардың суы сапасыз болып отыр. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев су жеткізу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 226 ауыл ауыз сусыз отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама