Павлодардың автовокзалында Алматы облысының тұрғынын пышақтап кетті

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: Halyq Uni

Tipavlo Telegram-арнасында «Павлодар автовокзалында бүгін кешке адамды пышақтап кетті» деген видео жарияланған болатын.

Аталған бейнежазбаны қалалық полицейлер тексеріп, зерделеді. Бұл факті қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі болғандай, жанжал кезінде 34 жастағы павлодарлықтың өз танысы – Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының аяғына пышақ сұққаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.