Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 279 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды.
15 желтоқсандағы мәлімет бойынша 2 008 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында 13 адамның жағдайы ауыр, бір науқас өте ауыр жағдайда жатыр. Бір адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.