×

Астана Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Жыл сайын Астана қаласында 15 мыңға жуық сот сараптамасы жүргізіледі

 Халық үні 14.12.2022 | 18:13
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды. Іс-шараға әділет министрі Қанат Мусин, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Тұрсымбайұлы қатысты.

«Ғимаратты салу кезінде озық технологиялар қолданылған және ол әлемдік стандарттарға сәйкес жабдықталған. Сондықтан іс-шараның құқық үстемдігі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз етудегі маңыздылығы жоғары. Бұл өзгерістер еліміздің әрбір азаматының өміріне әсер етеді. Жыл сайын тек Астана қаласында 15 мыңға жуық сот сараптамасы жүргізіледі. Институт жанынан есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар мәселелері жөніндегі мамандандырылған бөлім ұйымдастырылды», – деді Әділет министрі Қанат Мусин салтанатты шараның ашылуында.

Сондай-ақ мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу сапасын арттыру үшін тиісті бөлім ашылған.

Баллистикалық сараптама жүргізу жаңа деңгейге шығарылады. Енді атуға байланысты зерттеу кезінде зерттелетін оқиғаның нақты мән-жайларын анықтау мамандандырылған тир орталығының ғимаратындағы ұйымды ескеріп жеңілдетіледі. Сол сияқты көлікті зерттеу үшін жағдайлар жасалған, - деді министр.

Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институтында жылына 15 мыңға жуық сараптама жасалады. Институтта 258 адам жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама