Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында мешіт сейфінен қомақты қаржы ұрлаған күдікті ұсталды

Ол бұрын да осындай қылмыспен бірнеше рет жауапқа тартылған болып шықты

 Динара Амантай 14.12.2022 | 11:32
Ақмола облысында мешіт сейфінен қомақты қаржы ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында мешіт сейфінен 650 мыңға жуық ақшаны ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 желтоқсанда Целиноград полиция бөліміне мешіт қызметкерінен ұрлық туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Шағымданушының айтуынша, 8-9 желтоқсан аралығында белгісіз адамдар мешіт ғимаратының пластикалық есігін бұзып, сейфтен 649 мың теңгені ұрлап кеткен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнынан күдіктінің саусақ іздерін алып, оның сейф есігін ашу үшін қолданған құралдарының іздерін зерттеді, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, ықтимал куәгерлерден жауап алды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын мешіттерден ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Қосшы қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама