×

Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» қызметін тексеріп жатыр

Министр тексеру нәтижесі қосымша хабарланатынын айтты

 Айгерім Таубай 14.12.2022 | 10:13
Фото: inbusiness.kz

Бас прокуратура «АрселорМиттал Темиртау» жұмысын тексеріп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, «АрселорМиттал Темиртау» бойынша келісімшарт міндеттемелері қайта қаралды.

Қазір Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланады, - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қайырбек Өскенбаев елімізде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысына шектеу қою мәселесі қаралатынын айтты

Шынында да «АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр. Қаза тапқан жұмысшының жақындарына ғана емес, бүкіл қазақстардықтарға ауыр, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша үкімет бірнеше комиссия құрған. Онда әр министрліктегі 70-тен аса маман жұмыс істеп жатыр.

2022 жылдың 3 қарашасында Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Ленин атындағы шахтада 4 адам қаза тапты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама