Halyq Uni логотип
×

Петропавлда жұмысшы құрылыста құлап, көз жұмды

Құқықтық қатынастар ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2022 | 09:59
Петропавлда жұмысшы құрылыста құлап, көз жұмды
фото: ашық дереккөз

Петропавлда 47 жастағы ер адам тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға 5 желтоқсанда Петропавлдағы 126 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында сағат 15.30 шамасында болған.

Қайтыс болған азаматтың аты-жөні –  Қалел Маденов. Ол тас қалаушы болып жұмыс істеген. Құрылыста жоғары қабаттан құлап кетіп, ауыр жарақаттан 6 желтоқсанда емдеу мекемесінде қайтыс болған.

СҚО мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, құрылысшы плита жабындысының үстіне түскен. «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС директоры Еңбек инспекциясына қызмет көрсету шартымен қоса, жазатайым оқиға туралы хабарлама берді. Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес, қызметкерлердің еңбегіне байланысты және еңбекке жарамсыздыққа, не өлімге әкеп соққан денсаулығына зиян келтіру жағдайлары тергеледі.

Қайтыс болған Маденов пен «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғандықтан, құқықтық қатынастар ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі. Осының негізінде жазатайым оқиға Еңбек кодексінде көзделген арнайы тергеуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама