Халықтың 48,8 пайызы – ерлер, 51,2 пайызы – әйелдер
1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 715 182 адам болды.
Қалалықтар – 12 169,1 мың адамға, ауылдықтар – 7 546,1 мың адамға жетті.
Халықтың 48,8 пайызы – ерлер, 51,2 пайызы – әйелдер. Биыл халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.
АХАТ органдарының мәліметтеріне қарағанда, биылғы қаңтар мен қазан айлары аралығында 333,1 мың сәби дүниеге келген. Бұл – 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4% (375,9 мың адам) аз.