×

Алматыда медициналық жабдықтар сатып алуға 16 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Келесі жылы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға 31,5 млрд теңге қарастырылған

 Динара Амантай 13.12.2022 | 16:50
Фото: bmcudp.kz

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту аясында медициналық ұйымдарға қажетті құрал-жабдық алуға 16,4 млрд теңге жұмсалған. Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) 4 нысаны аяқталып келеді. Сонымен қатар, 7 нысанның жобалық құжаттамасы әзірленді.

Сондай-ақ 2023 жылы 10 көпсалалы аурухананы жаңғырту, 4 отбасылық дәрігерлік амбулатория салу көзделген. 6 жаңа емхана мен 3 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жобасы да дайындалады. Олар Алматы қаласының МСАК әзірленіп жатқан бірыңғай стандартын ескере отырып іске асады.

Бұған қоса, келесі жылы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға 31,5 млрд теңге қарастырылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама