×

Маңғыстау облысында 3 баласын өлтірген әке артынан өз-өзіне қол салды

Оқиға 11 желтоқсанда болған 

 Халық үні 13.12.2022 | 15:58
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында ер адам мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, 11 желтоқсанда сағат 19:45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 адамның асылып өлгені туралы хабар түскен.

«Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өзі асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық бала анықталды. Тексеру барысында Б. есімді азамат жіберген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», - делінген Маңғыстау облысы полициясы таратқан ақпаратта.

Бұл оқиғаның отбасылық жанжалға байланысты болғаны, ерлі-зайыптының ажырасқалы жүргені анықталды.

«Ерлі-зайыптының тұрақты жұмыс орны болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полициясына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген ресми ақпаратта.

Тергеуге байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама