Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Талдықорғанда 47 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 желтоқсанда Талдықорған қаласының Көктем шағын ауданында өзінің Toyota Hilux Pick көлігінің ішінде 47 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Болжам бойынша, ол атыс қаруын қолданып, өзіне қол жұмсаған.
Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысты барлық мән-жайлар анықталып жатыр.