×

Смайылов көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді тапсырды

Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті мәселе, дейді премьер

 Халық үні 10.03.2022 | 09:30
фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы айтып, бірқатар тапсырма берді.

Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның экспорттық әлеуетін де арттыру – аса маңызды мәселе. Осы тұрғыда көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу керек. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті мәселе. Өз кезегінде Үкімет науқандық жұмыстарды қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шешімді қабылдады, – деді Смайылов үкімет отырысында.

Бұған қоса үкімет басшысының мәліметінше:

  • Биыл Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға арналған қаражатты 80 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.
  • Мемлекет 2022 жылы егістік және оны жинау жұмыстарына өткен жылға қарағанда 2 есе көп – барлығы 220 млрд теңгеден астам қаржы бөліп отыр.
  • Тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу құнының 50%-ін субсидиялау әрі қарай жалғасады.
  • Техникаларды жаңарту үшін инвестициялық, сондай-ақ кредиттер мен лизингтердің пайыздық ставкасын субсидиялау көлемі ұлғаяды.
  • Фермерлер алдымен сұранысы жоғары дәнді дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайтуы тиіс.
  • Өнімді көп беретін және экспортқа шығатын дақылдарды егуге айрықша көңіл бөлу керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама