×

Азаптау туралы жалған ақпарат таратқан сотталғандарға 3,5 жыл жаза қосылды

Сотталғандар жедел жағдайды тұрақсыздандырғысы келген

 Динара Амантай 13.12.2022 | 11:35
Фото: gov.kz

Шахтинск қалалық соты сотталғандарды азаптау туралы «сахналанған» видеоны түсірген сотталғандар тобына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот тергеуі барысында сотталғандардың азаптау туралы бейнежазбаны мекемедегі жедел жағдайды тұрақсыздандыру үшін түсіргені анықталды.

Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін олар жалған ақпарат пен шындыққа жанастпайтын бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан. Осыған байланысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша жоғары №30 мекеменің бірқатар сотталғандарының зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жарияланымдар пайда болды.

Сотталғандардың іс-әрекеттері жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде әшкереленді. Мекеме әкімшілігі бұл фактіні АЕАК-те ҚР ҚК 428-бабының 3-бөлігі («Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау») бойынша  тіркеді. Кейіннен осы іс бойынша материалдар Шахтинск полиция бөліміне жолданды.

Қаралған қылмыстық іс шеңберінде Шахтинск қалалық соты ұсынылған бап бойынша сотталғандарды кінәлі деп тану туралы үкім шығарды. Сот әр қатысушыға 3,5 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы қаулы шығарды. Үкім жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң заңды күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама