Қызылордада 36 автобус айып тұрағына қойылды

Дәурен Ерболат

Жүргізушілер жол ережесін бұзған

Фото: Polisia.kz

Қызылордада 36 қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оған Қызылорда облысы полиция департаментінің 450 қызметкері жұмылдырылды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 383 дерегін анықтаған. Сонымен қатар, облысаралық және қалааралық 585 автобустың жылыту, электр жабдықтары жағдайының сәйкестігі тексерілді.

Рейд барысында 36 автобус айып тұрағына қойылды әрі 35 қоғамдың көліктің нөмірі алынды.