×

Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер УҰИ-ге қамалды

 Динара Амантай 12.12.2022 | 15:52
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 2 ер адамнан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 желтоқсанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2121 автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан 2 қапшық гашиш есірткісі табылды. Одан бөлек, олардың сол орыннан 2 шақырым қашықтықта целлофаннан 2 күркеше жасап, 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш жинап қойғаны анықталды. Сондай-ақ есірткі құралдарын илейтін екі елек табылды.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты. Оның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш болып шықты.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама