×

Президент «АрселорМиттал Теміртау» өз міндеттемелерін орындамайтынын айтты

Биылдың өзінде компанияда 14 адам қайтыс болды

 Динара Амантай 12.12.2022 | 12:30
Фото: sputnik.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамай отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент бүгінде өндірістік жарақаттар нағыз проблемаға айналғанын атап өтті.

Жыл басынан бері өндіріс орнында 1 124 жұмысшы жарақат алып, оның 157-сі қайтыс болды. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болатын жазатайым оқиғалар жүйелі сипат алды. Бұл мәселе «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына да қатысты. 2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан аса жазатайым оқиға болып, 100-ден аса азаматымыз қаза тапты. Биылдың өзінде 14 адам қайтыс болды. Оның ішінде 1 жұмысшы өткен аптада мерт болды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың хабарламаларына сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Осыған байланысты халық әділ әрі шұғыл шаралар күтіп отыр, – деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама