×

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген нысандар толық қалпына келтірілді – Досаев

Алматыдағы қауіпсіздікті күшейтуге қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді

 Айгерім Таубай 12.12.2022 | 11:47
Фото: Эдуард Галеев

Алматыда Қаңтар оқиғасы бүлінген нысандар толық қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген инфрақұрылым толық қалпына келтірілді. Қала экономикасы тұрақты өсу траекториясына шықты, қоғамдық қауіпсіздік деңгейі едәуір артты. Зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңге сомасында қаржы төленді, оның 95 пайызы бірінші маусымға дейін төлем алды. Жеке тұлғалардың мүлкіне келген залал бойынша 613,5 млн теңге сомасында төлем төленді», - деді Досаев.

Сондай-ақ қала тұрғындары қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың соңына дейін адамдар көп жиналатын жерлерге 3 050 бейнекамера орнатылады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді, - деді Алматы әкімі.

Қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылдың екінші тоқсанында аяқталады. Ал Qazaqstan телеарнасының қираған ғимаратының орнына заманауи медиа орталық салынып жатыр. Оның құрылысы 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама