×

Мектепте дінді насихаттаған мұғалім жұмыстан босатылды

Мектеп әкімшілігіне қатысты шаралар да қабылданған

 Еркеғали Болатұлы 12.12.2022 | 11:44
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видеоның қай жерде түсірілгені анықталды. Оны Алматыдағы №176 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі түсіріп, WhatsApp мессенджері арқылы ата-аналар чатына жіберген.

Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, мұғалім ол мектепте 2009 жылдан бері жұмыс істейді екен.

Мұғалімнің айтуынша, ол діни тақырыпты сабақ басталмай тұрып, 15 минут бұрын өткізген. Кейін WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатына жүктеген және өз статусына салған. Мұндай жағдай бір рет қана тіркелген. Осы жағдайға байланысты білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, мұғалімге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Қазір мұғалім өз еркімен жұмыстан шығып отыр. Сондай-ақ мектеп әкімшілігіне қатысты шаралар да қабылданған. Осы орайда басқарма өкілдері Қазақстан зайырлы мемлекет екенін, ал мектептерде соған сай білім берілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама