Асхат Аймағамбетов Балалар жылын қорытындылады
Астанада балалар құқығына арналған конференция өтті
Астана қаласында Чехия, Хорватия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Қазақстандағы балалар жылы: балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Парламент, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтер, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушыларды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзімен қарсы алды. Ол қатысушыларға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенділігі мен үлесі үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы Балалар жылын қорытындылады. Сондай-ақ, балалық шақтың өзекті мәселелерін шешудегі одан әрі жүзеге асырылатын іс-қимылдар мен тәсілдер қарастырылды.
Еліміздің президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа маңызды көңіл бөлу және еліміздің болашағына қамқорлық жасау деңгейін көрсетеді. Балалар еліміздегі халықтың үштен бір бөлігін құрайды. Балалар жылы ішінде білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Тамақтану сапасын күшейту, тамақтану құнын реттеу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу бөлігінде Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Мектептегі тамақтануды қоғамдық бақылау жандандырылды. Маңызды бағыттардың бірі – қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес қалалар мен ауылдарда 800 мыңнан астам жаңа оқушы орындарына 401 мектеп салынады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Министр Балалар жылындағы келесі басым бағыт балабақшаларда, мектептер мен колледждерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Барлық білім беру ұйымдарында камералар орнатылды, білім беру объектілерін қорғауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, турникеттер, дабыл түймелері орнатылып жатыр.
Балалар жылы тұңғыш рет баланың қорқытудан (буллингтен) қорғау құқығы бекітілді, тиісті алдын алу ережелерін әзірлеу бойынша құзырет енгізілді, бұл қудалауға ұшыраған балаларға уақтылы ескертуге және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биыл білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің бірыңғай қағидалары қабылданды.
Елімізде балалардың әл ауқатының индексі алғаш рет әзірленді. Әр бағытта лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфрақұрылымға, зорлық-зомбылықтан қорғауға және әлеуметтенуге қол жеткізуді көрсететін ең маңызды индикаторлар таңдалды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жалғастырылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, балабақшаларға бірыңғай кезектілік бойынша платформа әзірлеу, бұл кезекте қайталануды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі балаларды тіркеуді автоматтандыруды көздейтін ПМПК модулі әзірленді. 1 ПМПК ашу нормативтері 60 мыңнан 50 мың балаға азайтылды.
Сонымен қатар, Балалар жылы мектеп автобустарының автобус паркі алғаш рет ауқымды түрде жаңартылды. Ол 515 жаңа автокөлікпен толықтырылды. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы алғаш рет кешенді түрде жетілдірілді. Көркем әдебиет қоры мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылды.