Екі ер адамның елорда көшелеріндегі ұрлығы видеоға түсіп қалды
Олар кәріз қақпағын ұрлап, металл қабылдау пунктіне өткізген
Астанада кәріз қақпағын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Полицияға «Elorda Eco System» ЖШС-дан кәріз қақпағын ұрланғаны бойынша арыз түскен.
Бұл факті бойынша кәріз қақпағын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында екі ер адамның өз көлігімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүргені анықталды.
Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқ екеніне көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған. Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Екі ер адам кінәсін мойындады.