Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Үш адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ 203 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында жеті адамның жағдайы ауыр, төрт адамның жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.
Үш адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.