Halyq Uni логотип
×

Абай облысында адасып қалған малшының беті-қолы үсіп кетті

Ақтүтек бораннан айнала көрінбейді

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2022 | 11:45
Абай облысында адасып қалған малшының беті-қолы үсіп кетті
фото: egemen.kz

Абай облысында ақ боран, сары аязда адасып кеткен 58 жастағы малшы табылды. Аман-есен табылғанмен, қолы мен бетін үсік шалған екен. Дереу ауруханаға жеткізілді.

Өңірдегі Айтөбе қыстағынан Қарауыл ауылына жаяу шыққан малшы бет қаратпайтын боранда адасып кеткен. Ал қыстақ пен ауылдың арасы – 20 шақырым. Алайда ақтүтек бораннан айнала көрінбейді. Содан ол әупірімдеп жүріп, Шуашбай қыстағына зорға жеткен.

Жоғалып кеткен малшыны кеш бата тауып алып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Беті мен қолы үсіп қалған. Азаматты Абай ауданының ауыруханасына дер кезінде жеткіздік, - дейді аудандық ПБ қызметкері Бекзат Мұратов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама