Алматыда 14 жастағы жеткіншек 11 жастағы ұлды зорлаған
Қылмыс жасаған бала кәмелетке толмағандықтан оған ешқандай шара қолданылмайды
Алматыда 14 жастағы ұл далада ойнап жүрген 11 жастағы ұлды зорлаған. Енді жәбірленушінің ата-анасы құқық қорғау органдарынан оған қорлық көрсеткен жеткіншектің жазалануын талап етіп отыр.
Негізі бұл оқиға 11 шілдеде болған. Содан бері жәбірленген баланы ата-анасы психотерапевт пен емшілерге апарып жүр. Өйткені ол әлі күнге дейін дәретке дұрыс отыра алмайды екен. Сондай-ақ аулаға шығып, ойнауға үрейленіп қалған.
Заңгерлердің айтуынша, қылмыс жасаған бала кәмелетке толмағандықтан оған ешқандай шара қолданылмайды. Тек ата-анасына ғана айппұл салынуы мүмкін.
Өкінішке қарай, қазір мұндай жағдайлар көбейіп кетті. Олар заңнамалық деңгейде шешілуі қажет. Ата-аналарға көпшілікке жетіп, бұндайды тоқтату үшін тек БАҚ-тың көмегіне жүгінуге тура келеді.
Бұзақылардың ата-аналары «Неке және отбасы туралы» заң бойынша белігілі бір жауапқа тартылады, бірақ олар өздерінің балалары үшін толық жауапкершілік алып, жазаланбайды», - дейді заңгер Айнара Айдарханова.