Ақтөбе облысында көлік аударылып, 3 жасар бала қаза тапты
Жүргізуші рөлді басқара алмай, көлік жыраға аударылған
Ақтөбе облысында көлік аударылып кетті. Салдарынан оқиға орнында 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 желтоқсанда сағат 17:30-да Самара – Шымкент автожолында Toyota Camry автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, жырадан аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.