8 наурыз күні ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады
Павлодар тұрғыны ұсталды
Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды.
8 наурызда сағат 13.05-те Павлодар қаласының полициясына әйел қоңырау шалып, бес минут бұрын дүкенге белгісіз ер адам қарақшылық шабуыл жасағанын хабарлады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сағат 13.00-де Н.Назарбаев даңғылы 2/1 мекенжайында орналасқан дүкенге мас ер адамның кіріп, пышақпен қорқытып, 3000 теңге ақша мен бір бөтелке шарапты иемденгенін анықтады. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Тәртіп сақшылары сатушы «қарақшылық шабуыл жасады» деп күдікке ілінген ер адамды сипаттағаннан кейін бағдар жасалғанын атап өтті. Сақшылар оқиға орнына жақын орналасқан барлық ауданды тексерді. 15 минуттан кейін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Н.Назарбаев даңғылында күдікті ер адамды ұстады. Ал ер адам ақшаны жұмсап, шарапты ішіп үлгермеген. Заттай дәлелдемелер мен пышақ тәркіленді. Тексеру көрсеткендей, ер адам орташа мас болған. Сондай-ақ күдікті бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған Шығыс Қазақстан облысының тұрғын болып шықты.