Halyq Uni логотип
×

Астананың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Алтай Көлгінов 2019 жылдан бастап елорда әкімі қызметін атқарды

 Халық үні 09.12.2022 | 10:19
Астананың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын, - делінген президент жарлығында.

Алтай Көлгінов 2019 жылдан 13 маусымынан бастап 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарған. Ал елорда әкімі қызметіне Жеңіс Қасымбек тағайындалды.

КӨЛГІНОВ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстанның Қарулы күштерінде қызмет еткен. 

2001-2008 жылдары Әділет министрлігі мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарды.

2010-2012 жылдары Қазақстан Президенті әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі, содан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама