×

Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болды

Үш жылдан астам уақыт бойы елорданы басқарған Алтай Көлгінов қызметінен босатылды

 Халық үні 08.12.2022 | 16:35
Фото: gov.kz

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген президент жарлығында.

Жеңіс Қасымбек 2019 жылдан бастап Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған.

Айта кетейік, 2019 жылдың 13 маусымынан бастап Астана қаласының әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов қызметінен босатылды.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде экономист-менеджер мамандығы бойынша білім алған.

Жеңіс Қасымбек әр жылдары көлік және коммуникация министрі (2014-2016), инвестициялар және даму бірінші вице-министрі (2014-2016), индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2016-2019); премьер-министрдің орынбасары (2019 жыл) қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама